• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 08:30:14
Алматы
+35°

Америкалық "Axios" басылымының ақпаратына сәйкес, АҚШ президенті Дональд Трамп қызметінен кетер алдында Израиль Вашингтонның Иранға ықтимал шабуылына дайындалып жатыр. Бұған дейін британиялық The Sun газеті Трамптың Орта Шығысқа ядролық бомбалаушы ұшақтар жібергенін хабарлаған.

Басылым мәліметінше, Тель-авивтің жоғары лауазымды шенеуніктері "Израильдің қорғаныс күштеріне Джо Байден қаңтарда қызметіне кіріспес бұрын АҚШ-тың Иранға ықтимал шабуылына дайындалу туралы бұйрықтар берілген" деп мәлімдеді.

Белгісіз дереккөздер Трамп Ақ үйден кетіп бара жатқан соңғы жұмыс айлары "өте сезімтал кезең" болатынын айтты.

Олар Израиль армиясы Тегеранның Тель-авивке жасайтын ықтимал соққысына дайындалып жатқанын да мәлімдеді.

Иранның шабуылы тікелей немесе Таяу Шығыстағы сенім білдірілген адамдар арқылы болуы мүмкін.

Иран мен Израильдің қарым-қатынасы бірнеше жылдан бері нашарлап келеді.

Жуырда Израиль күштері Сириядағы Иранның нысандарына қайтарма шабуыл жасағанын растады.

Израиль қорғаныс күштерінің Twitter-дегі ресми аккаунты жаңалықтарды жариялады, олар соғысқа "дайын" екендерін ескертті.

АҚШ пен Иран арасындағы шиеленістер Трамп 2018 жылы Бірлескен Кешенді Әрекеттер Жоспарынан (JCPOA) шыққаннан кейін қалыптасып, Тегеранға санкциялар салына бастады. Осы жылдың басында Кұдыс күштерінің командирі генерал-майор Касем Солейманидің өлтірілуі Вашингтон-Тегеран арасындағы қысымды күшейтіп, жанжалдың пайда болу үрейін тудырды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Иран АҚШ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір