• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:17:44
Алматы
+35°

Жеңіл салмақтағы UFC-дің экс-чемпионы Конор Макгрегордың жүрісін салып желіде танымал болған 7 жастағы жастағы Талант Али бүгінде таэквондода көп-көрім жетістікке жетіп жүр. Спортты серік еткен Талант 2 жылда 11 жарысқа қатысып, барлығынан олжалы оралған. Сары белбеу иегері.

Талантқа көпшіліктің назары жарыстардың бірінде Конор Макгрегордың әйгілі жүрісін салғаны түсірілген видеодан кейін ауған. Видеоның желіде кең тарағаны соншалық, оны ирландиялық спортшы  2019 жылдың 8 мамырында instagram парақшасына салып, "О құдайым-ау, мына бала миллиардтарға татиды" деген жазба қалдырған. Қазіргі уақытта ол видеоның көрілімі 15 миллионнан асқан.

Талант Али 2013 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Үйдің үлкені, екі қарындасы, бір інісі бар.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от little sportsmen ????? (@ali_talant1303)

Таланттың спортқа деген қызығушылығы кішкентай кезінен байқалған. 5 жасында әкесі үйлерінің жанындағы таэквандо үйірмесіне апарған. Алғашқы бапкері – Ербол Бейсенбай. Таэквоноға қатысып жүргеніне екі жылдан асты. Осы күнге дейін 11 жарысқа қатысып, барлығынан жүлделі орынмен қайтқан. Оның барлығы жаттығудың арқасы. Әрбір жаттығудың маңызы зор.

Али Талант бапкерімен бірге

 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Conor McGregor Official (@thenotoriousmma)

Талантқа Мұсахан Қалмаханұлын еске алуға арналған халықаралық жарыстағы жүлде ыстық. Өйткені дәл осы жарыста өзін желіде танымал еткен видео түсірілген.

Конор Макрегорды ерекше құрметтейтін ол, спортшыны қайсарлығы үшін ұнатады.

"Сол күннен бастап мені көптеген телеарналар, газет-журналдар сұхбаттасуға шақыра бастады" дейді Талант.

Жас таэквондошы келешекте шетелге шығып, Қазақстанның көк туын көкте желбіретуді армандайды. Сол жолда жетістікке жеткен спортшылармен жиі жолығады. Мағжан Ералиев атты ағасына айтар алғысы көп.

Жарыстарға қазіргі кезде өз қаражатымен барып жүр.

– Шетелдегі болатын жарыстарға шыққым келеді. Мақсатым Қазақстанның көк туын әлемге танытатын спортшы болу. Оған жету үшін тыңбай енбек етемін. Сосын Конор Макгрегормен кездесуді армандаймын. Ата-анамның, бапкерлерімнің үмітін ақтағым келеді. Жетістікке жететініме сенімдімін, – дейді Талант Али.

Бек Байтас

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір