• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 00:20:21
Алматы
+35°
Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният елдегі эпидемиологиялық жағдайды баяндады.
 
– 27 қарашадағы жағдай бойынша республикамыз орташа қауіпті аймақта тұр. Қауіпті 5 өңірге қатаң шектеу шаралары енгізілген. Олар: Шығыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар облысы, Қостанай облысы және Ақмола облысы. Алматы қаласында да аурушаңдық өсуде. Қалған өңірлер жасыл аймақта тұрақты, бірақ жұқпалы КВИ аурулары тіркелуде, – дейді ол.

Вице-министр республикада қазанмен салыстырғанда қараша айында КВИ-ге шалдыққандар 3,7 есеге өскенін атап айтты.

– Елімізде барлық жағдайдың 70%-ы қызыл аймақта тұрған 5 өңірге тиесілі.  Өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, бүгінде аймақ әкімдері қоғамдық тамақтану орындарына келушілердің санын шектеу, кәсіпкерлік және өзге де қызмет обьектілерінің жұмыс кестесін қысқартуға, демалыс күндері қоғамдық орындарға және көлік қозғалысын тоқтату сынды қатаң шаралар қабылдады, – деп атап айтты Ажар Ғиният.
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір