• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 08:22:49
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте коронавирустан 7, коронавирус белгілері бар пневмониядан 3 адам қайтыс болғанын хабарлады.

Министрлік дерегінен вирус жұқтырғандар саны күн санап өсіп бара жатқанын байқауға болады. 28 қарашада 826 науқас коронавируспен, 164 адам пневмониямен тіркелген.

Қазақстанда COVID-19 анықталған алғашқы күннен бүгінге дейін 130 865 коронавирус жұқыру жағдайы тіркелген. Оның ішінде 2027 адам өлген. 1 тамыздан бастап жүргізілген пневмония статистикасына сәйкес, осы күнге дейін 42 104 адамнан пневмония анықталған. 443 адам қайтыс болған.

Қазіргі уақытта 12 651 адам коронавирустан ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 895 бала бар.

Стационарларда 3 392 науқас жатыр. 9 259 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Науқастардың арасында 214 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 32 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 32 науқас өкпені  жасанды желдету аппаратында жатыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір