• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:36:13
Алматы
+35°
Зейнет жасына толуына байланысты ай сайынғы орташа төлем 22 806 теңгені, ал ең жоғары зейнетақы 506 980 теңгені құрады. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 1 қарашадағы жағдай бойынша азаматтарға 155,3 миллиард теңге төлем жасады.

2020 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 320 335 адамға төлем төленді.

Тұтастай алғанда, 1,9 миллионнан астам зейнетақы төлемі мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жасалды. Жалпы сома 155,3 миллиард теңгені құрайды.

Оның ішінде:

  • зейнет жасына толу бойынша төлемдер – 51,7 миллиард теңге;
  • сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 39,5 миллиард теңге;
  • ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер – 31,1 миллиард теңге;
  • мұрагерлік бойынша төлемдер – 28,2 миллиард теңге;
  • жерлеуге берілетін төлемдер – 3,5 миллиард теңге;
  • мүгедектік бойынша төлемдер – 1,3 миллиард теңге.

Бұл ретте ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) 22 806 теңге, ал ай сайынғы ең жоғарғы зейнетақы 506 980 теңге болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір