30 Қараша, 2020 Саясат
Фото: көрнекі сурет
Әзербайжанның әлеуметтік желілерінде Кельбаджар шекарасында, дәлірек айтқанда сол аймақтағы алтын кеніштің жанында әзербайжан мен армян қарулы күштерінің бетбе-бет келіп тұрғаны көрінген видео тарады. Бұл туралы aze.az сайты хабарлады.
Таулы Қарабақтың Кельбаджар аймағы Әзербайжанға қайтарылғаннан кейін жаңа мемлекеттік шекара қандай болатыны анық көрсетілген.
Бұған дейін Қарабақ қақтығысының аяқталғаны туралы хабарланған. Армения премьер-министрі Никол Пашинян Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Ресей президенті Владимир Путин Таулы Қарабақта әскери әрекеттерді тоқтату туралы келісімге қол қойды. Келісімге сәйкес, Ресейдің бітімгерлік күштері Таулы Қарабаққа кіргізілген.
Осылайша үш елдің арасында болған келісім бойынша Лачин, Агдам, Кельбаджар аудандары Әзербайжанға қайтарылып, басқыншы әскер аймақтан шығарылады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір