Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық қауіпсіздік және жаһандық ядролық диалогты қайта бастау мәселелері бойынша халықаралық онлайн конференцияға қатысты.

– COVID-19 пандемиясы дағдарысқы ұшыратты. Бірақ адамзат өз тарихында мұндай деңгейдегі тегеуріндермен бұрын да кездесіп, жеңіп келеді. Халықаралық бірлестіктер бұл стрес-тесттен де аман өтіп, бұл жолды жеңімпаз ретінде басып өтетініне сенімдімін. Құрметті достар! Биыл әлем трагедиялық датаны атап өтті. Осыдан 75 жыл бұрын ядролық қару бірінші рет жарылған болатын. Содан бері адамдардың бірнеше буыны өсіп жетіліп, Хиросима мен Нагасаки апатын естен шығара бастады. Алайда жаһандық ядролық архитектураға жүргізілген талдау жағдайы бұл бұрыс әрі қауіпті жол екенін көрсетіп отыр, – деп атап өтті елбасы.

Назарбаев сыртқы саясаттағы жұмысының біршама бөлігін – ядролық қарудан еркін идеясы мен жетістігіне арнағанын айтты.

– Олай етуімнің себебі біріншіден, Қазақстан ядролық қару сынағының бүкіл қайғы-қасіретін сезіне білген мемлекет. Семейдегі полигоннан менің 1,5 миллионға жуық отандасым зардап шекті. Менің жарлығым бойынша әлемдегі ең ірі полигондардың бірі 1991 жылғы 29 тамызда жабылды. Бұл шешім – ядролық сынақтарға заңды түрде тыйым салатын адамзат тарихындағы ең алғашқы шешім болатын. Кейін басқа мемлекеттер де өз полигондарын жапты. Осылайша менің елімнің үлгісін басқа елдерде де қолдап, бұл бастама жаһандық сипатқа ие болды. Сонымен қатар бұл шешім 1996 жылы бәріне ядролық сынақтарға жаппай тыйым салған келісімге негіз болды, – деді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір