01 Желтоқсан, 2020 Саясат
Фото: видеодан алынған
Бүгін (1 желтоқсан) Лачин облысы Әзербайжан қарулы күштерінің бақылауына өтті. Бұл туралы vesti.az сайты хабарлады.
Армения оккупациясынан азат етілген Лачин облысында Әзербайжанның туы көтеріліп, әнұран шырқалды.
Видеожазбаны Әзербайжанның Қорғаныс министрлігі өзінің YouTube арнасына орналастырды.
Бұған дейін Қарабақ қақтығысының аяқталғаны туралы хабарланған. Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Ресей президенті Владимир Путин Таулы Қарабақта әскери әрекеттерді тоқтату туралы келісімге қол қойған. Келісімге сәйкес, Ресейдің бітімгерлік күштері Таулы Қарабаққа кіргізілген.
Осылайша үш елдің арасында болған келісім бойынша Лачин, Агдам, Кельбаджар аудандары Әзербайжанға қайтарылып, басқыншы әскер аймақтан шығарылып жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір