АҚШ Солтүстік Кореяның жанындағы Мисава базасына "B-1B" жойғыш бомбалаушысын орналастырды. Бұл туралы The Financial Press басылымы хабарлады.

2020 жылғы президент сайлауы кезіндегі шиеленіс жағдайында АҚШ әскери күштері кез келген ықтимал арандатушылықтың алдын алу үшін бомбалаушы ұшақтарын орналастыру арқылы сес көрсетті.

АҚШ қарулы күштері "B-1B" жойғыш бомбалаушысын Шығыс теңізге жіберді.

"B-1B" реактивті ұшағы дыбыстан жоғары жылдамдықтағы ұзаққа ұшатын бомбалаушы және ол 1985 жылдан бері Америка Құрама Штаттарының әуе күштеріне қызмет етеді.

"B-1B" бомбалаушысы Жапониядағы Солтүстік Кореяның Синпо базасына қарама-қарсы орналасқан Мисава базасына қонғаны байқалды.

Ұшақпен бірге "Boeing EA-18G Growler" электрлік соғыс ұшағы болды.

АҚШ әскери күштерінің бұл әрекеті "Солтүстік Кореяның арандатушылық әрекеттеріне қарсы тұру үшін" деп түсіндірілді.

Солтүстік Корея 10 қазанда әскери парад кезінде жаңа зымырандық мүмкіндіктерін жариялаған. Пхеньян жаңа зымырандарын көрсетуі күтпеген жағдай болды, өйткені олар бұрын ойлағаннан әлдеқайда үлкен еді және жаңа суасты қайықтарына жіберілетін баллистикалық зымыранды (SLBM) қамтыды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Трамп Пхеньян

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір