• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:28:02
Алматы
+35°

Мүгедек адамдарға берілетін жәрдемақылар қайта қаралатын болады. Бұл туралы үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов хабарлады.

Министрдің айтуынша, үкімет тарапынан әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын арттыру мәселесі қарастырылып жатыр.

– Әлеуметтік жұмыста әлеуметтік қызметкерлерге негізгі рөл беріледі. Осыған байланысты ЮНИСЕФ пен елбасы қорының қолдауымен бүгінде 12 мың әлеуметтік қызметкерді тестілеу және оқыту басталды. Үкімет тарапынан әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын кезең-кезеңмен арттыру мәселесі қарастырылуда. Жаңа әлеуметтік кодексте әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесін арттыруға бағытталған нормалар жеке айқындалатын болады, – деді Нұрымбетов.

Министр мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша заң жобасындағы толықтыруларды атап айтты.

– Ұлттық жоспар шеңберінде министрлік азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша заң жобасын әзірледі. Заң жобасы 80-нен астам нормативтік-құқықтық актіге өзгерістер енгізуді көздейді. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге қатысты Nur Otan партиясының сайлауалды тұғырнамасында көрініс тапқан оннан астам тұжырымдамалық толықтыруларды қамтиды.

Оның ішінде:

– мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру жөніндегі квотаны орындамайтын жұмыс берушілердің өтемақы жарналарын енгізу;

– барлық бірінші топтағы мүгедек жандарға күтім жасайтын адамдарға жәрдемақы енгізу;

– 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедек топтары бойынша бөлу, жәрдемақы мөлшерін қайта қарау;

– мүгедектікті және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақыларды бірге алу құқығын беру;

– І-ІІ топ мүгедектігі белгіленген жағдайда 18 жастан асқан балалар үшін тұрғын үй кезегін сақтап қалу сияқты маңызды әлеуметтік нормалар бар. Заң жобасы барлық сатылардан өтті  және жақын арада парламентке енгізілетін болады, – деді министр үкімет отырысында.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Нұрымбетов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір