"Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамптың әкімшілігі вакцина өндірушілерді, дәрі таратушыларды және мемлекеттік қызметкерлерді келесі аптада Ақ үйде өтетін COVID-19 вакцина саммитіне шақырды" деп хабарлады "Stat News" жаңалықтар ұйымы.
"Саммит 8 желтоқсанға жоспарланған және оған Трамп, вице-президент Майк Пенс және жеке сектор басшылары қатысады" делінген хабарламада.
Кездесу АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасының (АДБ) қарауына үміткер вакциналарды беруден бұрын өткізіледі. Үміткер вакцина қатарына "Moderna Inc" пен "Pfizer-BioNTech SE Inc" вакциналары кіреді деп күтілуде.
Саммиттің жоспарларымен таныс сала басшылары кездесу кезінде "Ақ үй екі үміткер вакцинаны төтенше жағдайларда қолдануға рұқсат беруді тездету үшін АДБ-ға қысым жасауы мүмкін" екені айтылды.
"Шақырылғандар қатарында "Pfizer", "Moderna" және дәрі-дәрмектердің дистрибьюторлары, дәріханалар және "McKesson", "Walgreens", "CVS Health, United Parcel Service" және "FedEx" сияқты логистикалық компаниялар бар, – делінген хабарламада.
Пікір қалдыру