• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 03:02:41
Алматы
+35°

Фото: Табыстау сәтінен

Тұңғыш президент күніне орай Үштөбе қаласының «Шаңырақ», «Көкдала» шағынаудандарында көпқабатты және жеке жалгерлік тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Салтанатты шараға аудан әкімі Қайрат Бұлдыбаев 50 отбасыға пәтер кілтін табыстады.

Қаратал ауданында тұрғын үй мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Дәл осы «Көкдала» шағынауданында бұған дейін де қоныстойы тойланған болатын. Міне, айтулы мереке қарсаңында тағы да 20 үй салынып, көпбалалы отбасылар шаттыққа кенелді. Бұл үрдіс одан әрі де жалғасын табады. Келер жылы да дәл осы аймақтан жеке жалгерлік үй тұрғызылады деп күтілуде. «Шаңырақ» шағынауданында бой көтерген көппәтерлі үй заман талабына сай. Онда бір, екі және үш бөлмелі пәтерлер бар.

«Шаңырақ» шағынауданындағы баспаналарға республикалық бюджеттен 223 млн.972 мың теңге бөлінсе, облыстан 95 млн.799 мың теңге жұмсалды. Ал «Көкдала» шағынауданында салынған 20 жеке жалгерлік тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен 180 млн.404 мың теңге, облыстан 100 млн.432 мың теңге бөлінген. Құрылысты «Қолқанат құрылыс» ЖШС жүргізді. Бой көтерген әрбір шаңырақ өте сапалы және белгіленген уақытта пайдалануға берілді. Жеке жалгерлік үйдің маңайы абаттандырылған. Қосымша тұрмысқа керекті нысандармен де қамтылған.

Аталған үйлер аудан бойынша кезекте тұрған мұқтаж азаматтарға, көпбалалы отбасыларға берілді. Қоныстойында сөз алған Қайрат Найманбайұлы:

 – Міне, мереке қарсаңында қоныстанған баспаналарыңыз құтты болсын. Мемлекеттің осындай игі істері алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Бүгінде Қаратал ауданында көпбалалы отбасыларды және үй кезегінде тұрған тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі басты назарда. Бұл орайда облыс әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен ауданымызда жыл сайын тұрғын үйлер бой көтеріп, жаңа шағынаудандар қанат жайып, қаламыздың ажарын аша түсуде, – деді.

Қоныстой соңында пәтер кілтін иеленгендер облыс, аудан басшылығына ризашылығын білдіріп, алғыс жаудырды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: 50 пәтер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір