• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:41:10
Алматы
+35°

Сенатта Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Жоғарғы сотының судьялары лауазымына ұсынымдары қаралды. Бұл туралы senate.parlam.kz сайты хабарлады.

2 желтоқсандағы отырыс қорытындысы бойынша Жоғарғы сот судьясы лауазымына кандидатураларды Палатаның қарауына енгізу туралы шешім қабылданған. Бүгін сенаторлар Қазақстан президенті ұсынған Жоғарғы Соттағы жаңа кандидатураларды мақұлдады.

Осылайша сенат депутаттары Жоғарғы соттың екі жаңа судьясын сайлайды.

Жоғарғы соттың судьялары лауазымына Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Абдолла Сәкен және астаналық соттың судьясы Омарбекова Мәдениет Жақанқызы ұсынылды. Кандидаттардың орташа судьялық тәжірибесі 22 жылдан асады, екеуі де Жоғарғы соттың судьялары ретіндегі жауапты және күрделі жұмысқа толық дайын.

Сондай-ақ, Дүйсенбаев Қаһарман Базарбекұлы қызметінен кетіп, оның өтініші қанағаттандырылды, – деді Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақов Сенаттың жалпы отырысында.

Абдолла Сәкен – 1964 жылы туған, заңгерлік білімі бар. Заң ғылымдарының кандидаты.

Омарбекова Мәдениет Жақанқызы – 1965 жылы туған, жоғары заң білімі. Заң ғылымдарының кандидаты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір