• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:53:34
Алматы
+35°

АҚШ қарулы күштеріндегі ең жоғары дәрежелі әскери офицер "келесі Перл-Харбор ғарышта болуы мүмкін" деп ескертті.

Штаб бастықтарының біріккен төрағасы генерал Марк А.Милли әскер қолданатын заманауи технологиялар туралы сауалға ғарыштық соғыс алаңдаушылық туғызатынын айтып жауап берді. Брукингс институтындағы пікірталаста, ол электр қуатын, интернетті және ғарышты қорғауды маңызды мәселелердің қатарына қосты.

Ол "Домен ретіндегі ғарыш өте маңызды. Мемлекеттер бірінші қадамды немесе артықшылықты іздеуде. Келесі Перл-Харбор ғарышта орын алуы мүмкін, бұл туралы көптеген адамдар жазды" деді.

Брэндон Дж. Вайчерт 2019 жылы "Ресейдің ғарыштық Перл-Харборға дайындығы" эссесін жазған.

Оның айтуынша, АҚШ әлемдегі кез келген елге қарағанда спутниктерге ең негізгі функциялары бойынша тәуелді. Вейхерт спутниктерге тәуелді әскери байланыстарды, зымырандарды алдын ала ескерту жүйелерін және азаматтық банктік операцияларды тілге тиек еткен. Ол жерсеріктер қамтамасыз ететін "жедел байланыс пен үйлестіруді" жойып жіберу АҚШ әскери күшін "саңырау, мылқау және соқыр" етеді деп толықтырды.

Нью-Йорк Постқа арналған бөлек мақалада Вайчерт "Бейжің немесе Мәскеу өздерінің технологиялық күштерін геосаяси тәртіпті өз пайдасына қайта жазу үшін қолдана алады" деп болжайды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АҚШ ғарыш

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір