• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 08:05:48
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Еріктілік – ең алдымен өркениетті елдің және зор жауапкершіліктің белгісі» деген болатын. Қазіргі таңда Алматы облысы бойынша еріктілердің ұйытқы болуымен жыл басынан бастау алған қайырымдылық акциялары жалғасын табуда.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша соңғы күндері облыс аумағында 20 см-ге дейін қалың қар түскен. Осыған орай, Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастырумен өңір еріктілерімен қайырымдылық акциясы бастау алды. Акция аясында әлеуметтік көмекті қажет ететін зейнеткерлердің, мүмкіндігі шектеулі жандардың және жалғызбасты қарттардың ауласын қардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, қажетті азық-түлік жеткізді. Барлық аудан, қалаларды қамтыған ізгі шараның алғашқы күнінде-ақ еріктілер 200 отбасына көмек көрсетіп үлгерді. Аталмыш акция алдағы уақытта да жалғасын таппақ. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында еріктілердің орны ерекше екенін атап өтті. Қайырымды іспен айналысу сынды ізгі амал жасауды азаматтық парыз санайтын облыс еріктілері бұл істен кенде қалып жатқан жоқ. Жақсылық жасауға жаны құмар жандардың арқасында көптеген қайырымды игі-шара атқарылары сөзсіз.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қар тазалау

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір