• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:43:07
Алматы
+35°
Ортсайлауком ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауында байқаушы мәртебесін түсіндірді
 
Дауыс беруге арналған үй-жайда (үй-жайдан тыс) дауыс берудің өткізілуін, дауыстарды санауды, сондай-ақ учаскелік сайлау комиссиясының шешімдері мен іс-әрекеттерін (әрекетсіздігін) байқауды жүзеге асыратын ҚР азаматы байқаушы болып табылады.
 
Байқаушы сайлауды ұйымдастырушы емес. Байқаушының негізгі функциясы дауыс беруге, сайлау учаскесінде дауыс беру қорытындыларын белгілеуге қоғамдық байқауды қамтамасыз ету және азаматтардың сайлау құқықтарының сақталуын қадағалау болып табылады.
 
«ҚР-дағы сайлау туралы» КЗ-ның 20-бабының 8-тармағына, 20-1-бабының 1-тармағына сәйкес байқаушылар ҚР саяси партияларынан, өзге де қоғамдық бірлестіктерінен, коммерциялық емес ұйымдарынан жіберіледі.
 
Дауыс беру күні тиісті сайлау округіндегі әрбір сайлау учаскесінде бір мезгілде әрбір саяси партиядан, өзге де қоғамдық бірлестіктен, ҚР Коммерциялық емес ұйымынан бір-бір байқаушыдан қатысуға құқылы («ҚР сайлау туралы» КЗ 20-бабының 8-тармағы).
Байқаушының мәртебесі ол тиісті УСК-да тіркелген сәттен бастап, ол туралы деректерді есепке алу журналына енгізу арқылы туындайды.
 
Учаскедегі дауыстарды санау хаттамасын жоғары тұрған комиссияға (аудандық, қалалық) беру аяқталғаннан кейін, сондай-ақ ҚР заңнамасы бұзылған жағдайда байқаушы өз мәртебесін жоғалтады.
 
Байқаушы өзінің мәртебесіне ие болады және барлық талап етілетін құжаттар ұсынылған және сайлау комиссиялары тарапынан барлық рәсімдік шешімдер қабылданған кезде ғана тиісті құқықтар мен міндеттерге ие болады.
 
Ұлттық байқаушыға сайлау учаскесінде тіркелу үшін не қажет
 
Сайлауды байқау үшін жеке тұлғаны жіберген заңды тұлғаның құжатына өкілеттігі ұйымның құрылтай құжаттарымен, ұйым басшысының өкілеттік беру туралы өкімдік құжаттарымен немесе ұйым атынан белгілі бір іс-әрекеттерді орындауға сенімхаттармен расталатын заңды тұлға қол қоюға тиіс. Бұл құжат байқаушыны жіберген ұйымның мөрімен расталады және байқаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жарамды болады. Бұл ретте заңды тұлға беретін құжат жеке тұлғаға берілетін өкілеттіктердің шекараларын (қандай сайлауды байқау үшін уәкілетті тұлға жіберіледі; сайлау учаскесін және ол жіберілетін сайлау комиссиясының атауын көрсету), осы тұлға туралы мәліметтерді (тегі, аты және әкесінің аты) нақты айқындауға, сондай-ақ өкілеттіктерді орындауға кедергі келтіретін шектеулердің жоқтығы туралы жазбаны қамтуға тиіс.
 
Заңды тұлғаның байқаушыны жіберу субъектісі ретінде құқық қабілеттілігі оның тіркелу фактісін анықтау арқылы расталуға тиіс. Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша анықтама заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуін (қайта тіркелуін) растайтын құжат болып табылады. Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуін растаумен қатар, оның қолданыстағы мәртебесі, яғни қызметін тоқтата тұрудың болмауы, тарату рәсімдерінің басталуы фактілерін белгілеу талап етіледі.
 
Сайлау процесіне қатысу, сайлау учаскелерінде байқау және тұтастай алғанда азаматтардың саяси құқықтарын іске асыру саласындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктер ұйым жарғысының көшірмесімен расталуға тиіс.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: сайлау

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір