• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:54:35
Алматы
+35°

Қайрат Әбдірахманов Қазақстанның Швеция және Дания корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды, деп хабарлады Ақорда сайты.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Швеция корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Дания корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды" делінген жарлықта.

Еске салсақ, 4 желтоқсан күні Қайрат Әбдірахманов ресми түрде  Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары болып тағайындалды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір