Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша 2019 жылғы маусымда республикалық комиссия берген ұсынымдардың орындалуын бақылау мақсатында Аягөз арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына Қоғамдық кеңестің төрағасы Владимир Головатюк бастаған комиссия жіберілді.

Оның құрамына көп балалы аналар, үкіметтік емес ұйымдардың және қоғамдық кеңестің сараптамалық топтарының өкілдері, журналистер кірді.

Жұртшылық ғимараттардың бірін қайта құру барысымен және гидро-массаж ванналары, монтессорри бөлмелері мен арт-терапия бөлмелері орналасқан арнайы қосымшаның жобасымен танысты. Бұл бағыттағы жұмыстарға жыл соңына дейін шамамен 140 миллион теңге бөлінді.

Әрекетті бақылау 51 бейнебақылау камераларын қолдану арқылы да жүзеге асырылады. Олар ғимараттың ішінде де, периметрі бойынша да орналасқан. Олардан алынған бейнелер тікелей облыстық прокуратура мен жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жолданады. Орталық қызметкерлері қысқа мерзім ішінде бұл комиссияның 15-ші сапары болғанына шағымданып, бүгінде барлық заң бұзушылықтар жойылғанын, балалардың емделуіне, сауықтырылуына және өмір сүруіне барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

Фото: qamshy.kz

– Шынында да жасыратын ештеңе жоқ - бүгінде орталықта жағдай жайлы, жақсы азық-түлік, барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген. Бізге жөндеу жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын, азық-түлік, гигиеналық өнімдер және тағы басқалары сақталатын қоймаларды көрсетті. Ең бастысы, біз балалармен сөйлестік. Олар ақкөңіл, шындықты жасырып қалуды білмейді, өздеріне қалай қарайтынын айтып, ойыншықтарының қай жерде ұйықтайтынын көрсетті. Балалар өздерін жақсы сезінеді, байланысқа қиындықсыз шығады, бөтен адамдардан қорықпайды. Және бұл орталық мұғалімдері мен дәрігерлері жұмысының маңызды көрсеткіші, – дейді көп балалы ана, «Ақ ұлпа аналары» қоғамдық бірлестігінің Семей қалалық филиалының жетекшісі Анар Сүлейменова.

– 32 қызметкер түрлі бағыттар бойынша біліктілігін арттырды, - деп атап өтті комиссияда. - Орталықтың ғимараты 1954 жылы салынған, сондықтан екінші қабаттан пандус бекіту мүмкіндігі болмады. Жергілікті бюджет есебінен мүгедектер арбаларын 1-қабатқа түсіруге мүмкіндік беретін жабдық сатып алынды.

Жалпы, құрылыс аяқталғаннан кейін көшеге тікелей шыға алуы үшін паллиативті топқа жататын және кішкентай балалар 1-ші қабатта орналасады.

Фото: qamshy.kz

Қазір орталықтың ең қиын, паллиативті тобының тәрбиеленушілері үмітсіз науқастардың да тағдырын жеңілдетуге көмектесетін жаңа көпфункционалды кереуеттермен қамтамасыз етілді. Әрине, бұл туралы айту өте ауыр, бірақ ондай балалар да бар және орталық мамандары олардың өмірін жайлы ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.
Жөнделген балалар спорт алаңындағы құмсалғыштар мен басқа да заттар мүгедектер арбасына арналған арнайы «тәсілдермен» жабдықталған. Жалпы, бүгінде орталық, ондағы балалардың ауруларының ауырлығына қарамастан, ең жағымды әсер қалдырады.

Мәселе жаңа жабдықта және жүргізіліп жатқан құрылыстарда ғана емес, сонымен қатар орталық қызметкерлерінің де, оның тәрбиеленушілерінің де шексіз оптимизмі мен жақсы мінезіне байланысты.

– Ия, шынымен де, мұндай тексерулер көп уақытты алады, өйткені бұл «экскурсия» ғана емес, сонымен қатар үлкен көлемдегі құжаттар тексеруді талап етеді. Ал, қызметкерлер болса осы уақыттарын балалармен айналысуға жұмсай алатын еді. Сонымен қатар, қоғамдық мониторинг үнемі жүргізіліп отыруы керек. Қазір орталықта барлық кемшіліктер жойылып, ерекше балалардың өмір сүру сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған жұмыстар жалғасуда. Бұл орталық аймақ жұртшылығының жіті бақылауында болады, - деді Ольга Кузовлева, мүгедектерге арналған сараптама тобының төрағасы.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ШҚО

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір