• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 02:42:48
+12°

Қазақстанның тұңғыш президентінің немересі Айсұлтан Рахат кокаиннің артық дозалануынан қайтыс болды, деп хабарлады Financial Times газеті.

Басылым мәліметінше, бұл ақпарат елбасының күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың Қытайға газ құбырын салу туралы келісімшарттардан ондаған миллион доллар алғанына қатысты тергеуде жарияланды.

Айсұлтан Назарбаев Financial Times газетіне берген сұқбатында өзі білетін ақпараттарды бөлісетінін атап айтқан. Сондай-ақ ол оппозиция өкілдерімен мұнай-газ саласындағы сыбайлас жемқорлық сызбасын әшкерелеген. Жемқорлыққа қатысы бар отбасы мүшелері мен Кремльден осы іске қатысты адамдардың есімдердің ашып айтты. Басылымның зерттеуі бойынша, кейбір құжаттағы ақпараттар Айсұлтан Рахаттың айтқанымен сәйкес келген.

13 ақпан күні Айсұлтан Рахат facebook парақшасында Ресей мен Қазақстан үкіметі арасындағы үлкен көлемдегі сыбайлас жемқорлық туралы ақпаратқа ие екендігін, қазақстандық газ ресейлік Газпромға "бір тиынға" сатылатынын жазған.

Еске салсақ, 16 тамызға қараған түні Лондон қаласында Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтан Рахат қайтыс болғаны хабарланған.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір