• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 19:22:22
Алматы
+35°

Алматыда елімізде алғаш рет «Еріктілер аллеясы» ашылды. Аллея Алматы қалалық «Jas Otan» жастар қанатының бастамасымен, қалалық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен жүзеге асты. 

«Еріктілер аллеясы» Жетісу ауданының «Гүлдер» саябағында орын алды. Іс – шараға 20-дан астам ерікті ұйымының жетекшілері мен белсенді мүшелері қатысып, шырша ағашының көшеттерін отырғызды. 

"Шараны өткізудегі басты мақсат «Еріктілер жылының» аясында қаламыздағы барлық белсенді еріктілер ұйымының басын біріктіру. Қала әкімінің «Jasyl Almaty» жобасын жүзеге асырып, экологиямыздың жақсаруына үлес қосу. Аллея жылдан-жылға жаңа ағаштармен толығып, еріктілер ұйымының саны арта береді деген ойдамын. Аталмыш идеяны жүзеге асыруға қолдау көрсеткен қалалық Қоғамдық даму басқармасына алғыс білдіреміз", - деді  Алматы қалалық «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Мади Ахметов.

Айта кетейік, ұйымдастырушылар іс-шараның өту барысында барлық карантин шаралары сақталғанын айтады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір