• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:03:03
Алматы
+35°

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Ақтөбе Халықаралық әуежайында» болды. Аймақ басшысына АҚ-ның басқарма төрағасы Дастан Малиев 11 айда атқарылған жұмыстарды таныстырып, жоспарлармен бөлісті. Биыл әуежайды қардан, қоқыстан тазалау қызметтерін атқаруға құны 187 млн тг арнайы техникалар сатып алынды. qamshy.kz Мәселен карьерлік самосвал, вакуумдық-жинау мамандырылған автомобильі, тіркеме, сондай ақ, жолаушыларды тасымалдауға арналған екі бірдей перрондық автобуспен жаңартылды.
2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда биыл қараша айында жолаушылар ағыны 35% - ға; жүк ағыны 400% - ға; рейстер 30% - ға артты. qamshy.kz
Қазіргі уақытта жолаушылар рейстері 4 ішкі бағыт бойынша және 1 халықаралық бағыт бойынша, аптасына 80-нен астам рейс орындалады. Жүк рейстері 4 бағытта орындалады, аптасына 20-дан астам рейс.
2020 жылы 11 айында әуежайға түсетін қаржы көлемі 600 млнт тг құрады .Бұл бірінші кезекте күтілетін жүк рейстеріне қызмет көрсетумен байланысты. qamshy.kz Басқарма төрағасының айтуынша 2019 жылы әуежайда көрсетілген жүк тасымалы қызметі 470 тоннаны құраса, 2020 жылы 2000 тоннаға қызмет көрсетіліп, еліміз бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы әуежайларынан кейінгі үшінші әуежай болып отыр. Сондай-ақ, әуежай коммуналдық меншікке өтуіне орай, пандемиялық ахуалға қарамастан мұндағы жұмыс жасайтын 512 азаматтың орташа жалақылары 40% көтерілген. Одан өзге, әуежайға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жолаушыларға ыңғайлы жағдайлар жасалуда. Қызмет көрсетуші мамандардың формасы қызыл түспен өзгертілген. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин күту залын аралап, әуежайда жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды қарады. “Ақтөбе Халықаралық әуежайы” АҚ Басқарма төрағасына жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын одан әрі дамытуды, стандартқа сай жағдай жасалу қажеттігін тапсырды. qamshy.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір