• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 14:19:44
+35°

Фото: Отандастар қорының facebook парақшасынан

Қамшы порталы көтерген мәселе оң шешімін тапты. 6 желтоқсан күні сайтымызда "Қазақ шекарасынан қазақтар ғана кіре алмай жатыр" деген атпен мақала жарияланған. Мақалада Алматы халықаралық әуежайына қонған этникалық қазақты (Қытай азаматы) визасының, ПЦР тесттің теріс нәтижесі барына қарамастан ел аумағына кіргізбей, себебін түсіндірместен кері қайтарғаны хабарланған. Араға екі күн салғанда түйіткіл түйіні тарқатылып, қандасымыз тарихи отанына келді, деп хабарлайды Қамшы порталы "Отандастар қорына" сілтеме жасап.
 
"Сүйінші! Қандасымыз Риза Ақанқызының мәселесі шешілді
 
Биыл 6 желтоқсан күні Қамшы.кз сайтында "Қазақ шекарасынан тек қазақтар ғана кіре алмай жатыр" атты мақала жарияланған болатын. Мақалада Қытайдан тікелей әуе рейсі болмағандықтан, бірнеше елді басып, соңында Дубай арқылы Қазақстанға жетіп, кейіннен кері қайтарылған қандасымыз Риза Ақанқызы туралы айтылады.
 
"Отандастар қоры" бұл мәселе жөнінде сайт редакциясымен байланысқа шығып, елге кіре алмаған Риза қарындасымыз туралы ақпаратты алды. Шұғыл ҚР ҰҚК-нің Шекара қызметіне сұрау салып, аталған қандасымызға көмек көрсету амалдарын қолға алды. Міне, 48 сағаттан кейін түйткілді мәселе оң шешімін тапты.
 
"Отандастар қоры" болашақта да осындай жағдайдың орын алуына жол бермеу үшін мұндай мәселелерді шешу тетіктерін ұсынып, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі арқылы тиісті Ведомствоаралық комиссияға арнайы хат жолдады.
 
"Әр қазақ менің жалғызым" дегендей қандасымызға байланысты қалыптасқан түйткілді жағдайды шешуге атсалысқан Шекара қызметінің директоры генерал Д.Дильманов мырза мен қызметкерлеріне және ұлтжанды тұлға, Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлына, сондай-ақ мәселені дер кезінде көтерген Қамшы.кз сайты ұжымына, басқа да көмек қолын созып, мәселенің шешілуіне тікелей жаны ашып, ат салысқан барлық азаматтарға "Отандастар қоры" атынан алғысымызды жеткіземіз!" делінген қор таратқан ақпараттық хабарламада.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір