Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайты

Қызылорда облысы Арал ауданы Қамыстыбас ауылынан 35 шақырым жердегі Қамбаш көліндегі мұз жарылып, су түбіне кеткен 4 адамның денесі шығарылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

8 желтоқсанда Қамбаш көліндегі мұз жарылып, "УАЗ" автокөлігі су түбіне кеткен. Көлікте болған 7 адамның 3-еуі өз бетінше судан шыға алған.

1985, 1981, 1994, 1973 жылдары туған қалған 4 адамды құтқарушылар іздеп, қараңғы түсуіне байланысты іздеуді тоқтатқан.

9 желтоқсанда жалғасқан іздеу жұмыстарының нәтижесінде 7 метр тереңдіктен УАЗ автокөлігі табылған. 4 адам көліктен шыға алмай қалғаны белгілі болды.

Сағат 10:05-те министрліктің құтқару бөлімінің оперативтік күштері 4 мәйітті су түбінен шығарып, полиция қызметкерлеріне берген.

Іздеу жұмысына төтенше жағдайлар департаменті мен полиция департаменті және жергілікті атқарушы органдардың 27 қызметкері мен 7 техникасы жұмылдырылған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: төтенше жағдай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір