• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

16 Қазан, 07:47:41
Алматы
+5°

Мемлекет басшысының ұсынысымен жарияланған Волонтер жылының ресми жабылуына орай Ақтөбеде «Жыл волонтеры – 2020» жастар сыйлығын табыстау шарасы өтті.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин қиын-қыстау сәтте көмек көрсетіп, жан-жақты қолдау білдірген еріктілерге алғыс білдірді.

“Волонтерлар отанға қызмет етудің озық үлгісін көрсетті. Қайырым мен мейірімнің қаншалықты маңызды екенін анық ұғындырды. Бірлік бар жерде-береке бар. Соның арқасында бір ел, бір халық болып бұл сынға төтеп бере білдік. Өңірімізде ашылған еріктіліктің фронт-офисінде маңызды бастамалар көтерілді. Көптеген жобаны жүзеге асырған ауқымды жұмыстар атқарылды.Волонтерлердың белсенділігі коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты енгізілген төтенше жағдай кезінде ерекше болды”,- деді Оңдасын Оразалин.

Қазіргі таңда облысымызда ресми тіркелген 2000-нан аса ерікті бар.Олармен 374 іс-шара ұйымдастырылып, 21 мыңнан аса облыс тұрғындарына көмек көрсетілді. Оның ішінде 4 мыңнан астам отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілсе, 16 494-іне медициналық маскалар таратылды. Сонымен қатар, ардагерлер мен қарттар үйінде тұратын 169 адамға жергілікті емханалардан дәрі-дәрмек жеткізілген. «Біргеміз», «Біз Біргеміз Мақтаарал», «Халық қоғамдық қоры» акцияларына да белсенді қатысты.

Облыс әкімі 25 азаматқа алғыс хат, төсбелгілер табыстады.

Шара соңында «Жыл волонтеры – 2020» облыстық жастар сыйлығы иегерлерінің орындауында «Волонтерлар гимні» шырқалды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір