"Қоғамдық келісім" КММ-нің ұйымдастыруымен белсенді ауыл жастарын қолдауға арналған Алматы облысындағы алғашқы бизнес-жобалар байқауы өтті.

Байқаудың барлық жеңімпаздары, әдеттегі келбеттен, салтанатты келбетке ауысты. Жігіттер классикалық костюмдерде, ал қыздар кешкі көйлектерде болды. Жастарға қызмет көрсету орталығындағы безендіру және музыкалық сүйемелдеу жанға жайлы атмосфера сыйлады. Кейде "Jer Jannaty Jetisy" байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде емес, "Оскар"сыйлығын табыстау рәсімінде отырғандай әсерде боласың.

Алматы облыс әкімінің орынбасары Рустам Әли, жоба байқауының жеңімпаздарын құттықтап, қуаныштарын бөлісті. Ол жобаны іске асырудың жоғары әлеуметтік маңыздылығын атап өтіп, жеңімпаздарға одан әрі іске асыруда табыс тіледі. "Көптеген жас жігіттер мен қыздардың идеялары бар, бірақ оларды жүзеге асыруға мүмкіндік жоқ. Енді менің ойымша,  өздеріңіздің  армадарыңызды іске асыру қолдарыңыздан келеді. Қазір Елбасы мен ел Президенті Қазақстан Халқы Ассамблеясына үлкен көңіл бөлуде. Алдағы уақытта басқа да ауқымды жобалар болады, белсенді қатысыңыздар", – деді облыс әкімінің орынбасары. Рустам Әли мен "Қоғамдық келісім" КММ-нің директоры                       Сандуғаш Дүйсенова жеңімпаздарға құрмет грамоталары мен 500 мың теңге көлемінде ақшалай сертификаттарды салтанатты түрде табыс етті.

Айта кетейік, байқау комиссиясының сотына 80-нен астам жоба ұсынылды. Бірақ бизнес идеялары ең өміршең болып табылатын және жаңа нарықтық тауашада өзекті болып табылатын 10 бастаушы кәсіпкер ғана өздерінің лайықты марапаттарына ие болды. Алайда, бұл ақшалай қаражаттан басқа, жеңімпаздарға бизнестің сүйемелдеуімен және алға жылжуына қолдау көрсетілетін болады. Жас кәсіпкерлер мамандардан кеңес алып, тәлімгерлермен жұмыс жасап, бизнес саласына қатысты түрлі тақырыптарда пайдалы дәрістер тыңдай алады. Жоба басталғаннан кейін төрт айдан кейін, тәлімгерлер бағдарлама нәтижелеріне талдау жасайды және бизнесті ілгерілетуде түзетулер енгізеді. Сонымен, Алакөл ауданының Лепсі ауылынан Фазыл Аитов, Ақсу ауданы Сағабүйен ауылынан Арай Ахмет және Жандос Әбубәкіров, Ұйғыр ауданының Шонжы ауылынан Аркенжан Ивраимов, Кеген ауданының Жалаңаш ауылынан Жаңыл Бағыбаева, Алакөл ауданының Қабанбай ауылынан Ерасыл Қыдырбай, Қаратал ауданының Үштөбе қаласынан Мөлдір Сайлау, Қаратал ауданының Үштөбе қаласынан Айдар Самылтыров, Ескелді ауданының Алдабергенов және Панфилов ауданының Бөрібай би ауылынан Ерболат Тоқтасын жарты миллион теңгенің бақытты иегерлері атанды.

Жеңімпаздар лайықты марапаттарға ие болып, көрсетілген құрмет үшін алғыстарын білдіріп, сенімді ақтауға тырысатындарын және өздерінің бизнес-жоспарларын іске асыру үшін қарқынды жұмыс істеуді жалғастыратындарын айтты. Байқау жеңімпаздарының атынан Жиһаз дайындау жобасымен жеңген Алакөл ауданы, Қабанбай ауылының тұрғыны Ерасыл Қыдырбай сөз сөйледі. "Бұл байқауға қатысу, біздің бұдан әрі тоқтап қалмай, өз бизнесімізді одан әрі дамыту үшін өзіндік трамплинге айналды. Бөлінген қаражатқа біздің әрқайсымыз өзінің бизнес жобасы үшін қажетті жабдықты сатып аламыз. Біз үшін өзімізді дәлелдеудің үлкен мүмкіндігі болды, бұл мүмкіндікті ешқашан жіберіп алмау керек. Ауыл жастарына ерекше көңіл бөле бастағанына қуаныштымын, осындай байқаулардың жиі өткізілуін қалар едім. Ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды білдіремін және барлық жеңімпаздарды құттықтаймын!", – деді ол.

Қонақтар үшін жергілікті "Инвайт" тобының және республикалық "Горец" халық би ансамблі жұлдыздарының орындауындағы музыкалық композициялар тосын сый болды.

 

Айдар ҚАЛИЕВ

Ілмек сөздер: жетісу

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір