• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:52:07
Алматы
+35°

Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақовқа қатысты сот үкім шығарды. Шешімге сәйкес экс-әкім түрме жазасын өтеуге тиіс, деп хабарлады Tengrinews.kz. сайты.

Қуанышбек Ысқақовтың үкімі № 2 Қызылорда қалалық сотында жария етілді. Сот Ысқақовты жеті жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік колониясында өтеуі керек. Сонымен қатар Қызылорда облысының экс-әкімін мемлекеттік, ұлттық және квазимемлекеттік ұйымдарда қызмет атқару құқығынан айырды.

Бұған дейін прокурор Қызылорда облысының бұрынғы әкімін сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Мемлекеттік айыптаушы Ысқақовты "аса ірі көлемдегі алаяқтық" үшін кінәлі деп тануды сұрады.

Қызылорда облысының әкімі болып тұрған кезде қамауға алынған Қуанышбек Ысқақов 2020 жылдың наурыз айының соңынан бастап үйқамақта болған. Оған қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (аса ірі мөлшерде алаяқтық) бойынша айып тағылды. Сол бап бойынша онымен бірге тағы төрт адам іс бойынша өтті. Істің фигуранттары Қызылорда облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Мұрат Имандосов және әкімнің тағы экс-орынбасары Марат Делмұханов болды. Сонымен қатар, айыптау актісінің көшірмесі бизнесмендер Жеңісбек Ысқақовқа, Азат Досмайыловқа табыс етілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір