• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 23:05:05
Алматы
+35°

Қазақстанға шет мемлекеттерден келген жолаушыдың 84 пайызында ПТР-анықтамалар жоқ. Бұл туралы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Ведомствоаралық комиссияның мәлімдеуінше, 2020 жылдың 11 желтоқсанында Қазақстанға Мысыр, Түркия, БАӘ, Ауғанстан, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келген.

2039 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1725 адам, анықтамасыз 314 адам келген. 

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 629 жолаушы, анықтамамен – 576; анықтамасыз – 53;

Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 409 жолаушы, анықтамамен – 1 148, анықтамасыз – 261;

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 1 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір