12 Желтоқсан, 2020 Саясат
ҚР СІМ ғимараты
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі "Қазақстан территориясы Ресей тарапынан жасалған үлкен сыйлық" деген мәлімдеме жасаған Ресей мемлекеттік думасының депутаты Вячеслав Никоновқа наразылық нота жарияланды.
"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне Ресей Федерациясының Уақытша сенімді өкілі Александр Комаров шақырылды.
Кездесу барысында Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының Білім және ғылым жөніндегі комитетінің төрағасы Вячеслав Никоновтың Бірінші арнадағы «Қазақстанның территориясы - Ресей тарапынан үлкен сыйлық» деген сөзіне қатысты түсініспеушілік білдірді.
Кейбір ресейлік саясаткерлердің Қазақстанға қатысты арандатушылық әрекеттерінің жиілеп кетуі мемлекеттеріміз арасындағы одақтастық қатынастарға айтарлықтай нұқсан келтіретіні атап өтілді.
ҚР СІМ Ресей тарапының мұндай мәлімдемелерге тиісті баға беруін күтуде және Ресей Федерациясының мемлекет қайраткерлерінен мұндай мәлімдемелерге жол бермеу үшін шаралар қабылдауға шақырады.
Ресейлік дипломатқа ҚР СІМ ұстанымы көрсетілген нота табысталды" делінген министрлігі таратқан ақпараттық хабарламада.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір