• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:49:48
Алматы
+35°

Америка ресейлік С-400 зениттік зымыран кешенін сатып алғаны үшін Түркияға санкция салады, деп хабарлады РИА Новости сайты.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Анкараның ресейлік "Рособоронэкспортпен" "С-400 зымыран-зениттік кешендерін сатып алу жөніндегі" ынтымақтастығы үшін Түркияға санкция енгізіліп жатқанын айтты.

"Түркия АҚШ үшін аймақтық қауіпсіздіктің бағалы және маңызды серіктесі және біз Түркияның қолындағы С-400 түріндегі кедергіні мүмкіндігінше тезірек алып тастап, қорғаныс саласындағы өнімді ынтымақтастықтың ұзақ жылдық тарихын жалғастырғымыз келеді" делінген шенеуніктің жазбаша мәлімдемесінде.

Түркияның сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, АҚШ жариялаған біржақты санкция қабылданбаған. 

"Түркия НАТО-ның қатысуымен техникалық жұмыс тобын құруды және бірнеше рет бұл мәселені объективті және нақты негізде, саяси көзқарастардан тыс шешуді ұсынады. Біз АҚШ-ты осы әділетсіз санкциялық шешімді қайта қарауға шақырамыз" делінген құжатта.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ақш түркия санкция

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір