• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 19:07:05
Алматы
+12°

Твиттер әлеуметтік желісі арқылы тоғыз адамды өлтірген жапондық өлім жазасына кесілді. 

"Твиттердегі киллер" деп атаған Такахиро Ширайши 2017 жылы пәтерінен адамның дене мүшелері табылғаннан кейін қамауға алынды.

Ол қазан айында өзіне тағылған айыптардың "бәрі дұрыс" екенін айтып, өзінің кінәсін мойындаған.

Оның құрбандарының сегізі әйел. Ал біреуі 15 жастағы жасөспірім. 

Бұған дейін оның адвокаттары айыпты жеңілдетуді сұраған, себебі, адвакаттар оның құрбандары өзін-өзі өлтірді және өлтіруге келісім берген дегенге сендірмекке тырысқан.

Ақпаратқа сәйкес, 30 жастағы жігіт өзінің құрбандарына олардың өлуіне көмектесе алатынын айтып азғырған және кейбір жағдайларда олармен бірге өзін де өлтіретінін айтқан.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жапон твиттер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір