• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:28:46
Алматы
+35°

Фото: "Nur Otan" партиясының баспасөз қызметі

«Nur Otan» Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Жамбыл облысына барды. Олар өнеркәсіп кәсіпорындарының ұжымымен, шағын және орта бизнес өкілдерімен, ауыл тұрғындарымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын талқылады.

Тұрғындар жастарға қолдау көрсету, денсаулық сақтау саласының сапасын көтеру, мемлекеттік органдар жұмысын жақсарту, ауыл шаруашылығын дамыту секілді тағы да басқа мәселелерді көтерді. Партия баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған ұсыныстардың барлығы праймериз барысында жұртшылықпен кеңінен талқыланған сайлауалды бағдарламаларда қамтылған.

Мәселен, өңірде 100-ден астам ауылды сапалы ауыз сумен, газбен және кең жолақты Интернетпен қамтамасыз ету жоспарланған. Сондай-ақ, 13 жаңа мектеп пен Оқушылар сарайын салу көзделіп отыр.

«ҚТЖ» Локомотив депосы мен «Қазфосфат» минералды тыңайтқыштар зауытының ұжымымен кездесуде азаматтарды әлеуметтік қолдау, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері талқыланды.

 Nur Otan

Nur Otan
«Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасы аясында 130 мың жұмыссыз адамды еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптерге оқыту көзделген. Сонымен бірге 150 мың адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқытылады. Нақты Жамбыл облысында өңдеу өнеркәсібі саласында 19 инвестициялық жобаны іске асыру және 8 жаңа өндірісті іске қосу жоспарлануда. Соның нәтижесінде өңірде 5 жыл ішінде 84 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылады.

Облыс спортшыларымен кездесу барысында Республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Бауыржан Байбек бұқаралық спортты дамыту, әсіресе, балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша партиялық бағдарламадағы негізгі басымдықтар жайын сөз етті.

Жалпы, ұлттық спорт түрлері тың қарқын алады. «Nur Otan» ат спортын және басқа да бағыттарды насихаттау мен дамытуға ықпал етеді.

«Жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысы 2023 жылға қарай 2 есе артады. Дене шынықтыру мұғалімдеріне мектептерде спорт секцияларын ұйымдастырып, жүргізгені үшін базалық еңбекақысына 100% мөлшерінде қосымша ақы көзделеді. Әрбір ауылдық округте спорт инструкторы лауазымы енгізіледі. Барлық тірек ауылдарды қамти отырып, балалар-жасөспірімдер клубтарының саны мыңға дейін жеткізіледі. Ересектер мен ерекше қажеттілігі бар балалардың спортпен шұғылдануларына жағдай жасалады. Бізбен бірге болыңыздар! Жеңімпаз болыңыздар! «Nur Otan»-ға дауыс беріңіздер!», - деді Бауыржан Байбек.

Кездесу нәтижесінде қатысушылардың көпшілігі «Nur Otan»-ға қолдауын білдіріп, алдағы сайлауда партияға дауыс беруге ниеттеніп отырғандарын жеткізді.

«Nur Otan» партиясының сайлау қоры қаражаты есебінен төленді

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір