16 Желтоқсан, 2020 NEWS
Көрнекі сурет
SpaceX компаниясының иесі, кәсіпкер Илон Маск супер интеллектуалды келімсектер адамзатты бақылап отыруы мүмкін деп болжады.
БАӘ болашақ және кабинет істері министрі, Дүниежүзілік үкімет саммитінің (WGS) төрағасы Мохаммад Аль Гергави Илон Маскпен сұхбаттасқанда бөгде ғаламшарлықтар тақырыбы қозғалды.
Аль Гергави "Келесі 50 жыл ішінде келімсектермен байланыс орнатамыз деп ойлайсыз ба?" деп сұрады. Маск мұны "айту қиын" екенін мойындап, бөгде ғаламшарда өркениет болу ықтималдығы жоғары екенін алға тартты.
– Егер ол жерде супер интеллектуалды тіршілік болса, олар бізді бақылап отырған шығар... Бұл өте жоғары ықтималдық. Біз оны байқай алатындай жеткілікті дәрежеде ақылды емеспіз, – деді Маск.
Әлемдік жетекші физиктердің бірі Нил де Грасс Тайсон да бір кездері осыған ұқсас сөздер айтқан.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір