CNN: Байден келесі аптада көпшілік алдында коронавирус вакцинасын еккізеді

/image/2020/12/17/crop-9_9_388x602_joe-biden-4.jpg

Соңғы ақпараттар бойынша, сайланған президент Джо Байден келесі аптада алғашқы коронавирустық вакцинаны көпшілік алдында еккізеді деп күтілуде.

"78 жастағы қария вакцина еккізген және денсаулық сақтау саласында жұмыс істемейтін алғашқы америкалықтардың бірі болады" деп хабарлады CNN.

Пандемия кезінде Байден өте сақ болды. Ол Делавэрдегі жертөлесінде бірнеше ай бойы оңаша тұрды. Тек таңдаулы кеңесшілерге ғана оның үйіне кіруге рұқсат берілді.

Сайлауда жеңіске жеткеннен кейін де Байден саяхаттардың жеңіл кестесін сақтады. Баспасөзде сирек сөйледі және әрдайым көпшілік алдында маска киіп жүрді.

Айта кетейік, 2 желтоқсанда "Трамп келесі аптада вакцина өндірушілермен кездеседі" деп хабарланған. Одан көп өтпей, Вашингтон вакцинаны шұғыл қолдануға рұқсат берді. Іле-шала COVID-19 вакцинасы дүйсенбіден бастап қолданысқа енгізілетіні жарияланды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар