• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 08:08:34
Алматы
+35°

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинді польшалық Камил Шереметаны жеңіп, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын қорғап қалуымен құттықтады. Бұл туралы elbasy.kz сайты хабарлады. 

 

Осы жеңіс арқылы сен өз дивизионыңда 21-ші рет әлем чемпионы атанып, қазақстандық және әлемдік бокс тарихы жылнамасының жаңа парағын аштың. Бұл барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздік күніне орай тамаша сый болды деп ойлаймын.

Біз сенің спорттағы жарқын жетістіктеріңді, мықты рухыңды және жеңіске деген жігеріңді мақтан етеміз. Сенің жеңімпаз ретінде өз жолыңды жалғастыратыныңа сенімдімін және сенің жетістіктеріңе әлі талай сүйсінетін боламыз,  – деді Назарбаев. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір