• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 02:07:36
Алматы
+12°

Фото: «Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы филиалының баспасөз қызметі

Қызылорда облысы Шиелі ауданында «Nur Otan» партиясы атынан облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Тілеуберген Шаутай, Патима Маханбет, Насырбек Мырзабеков, Серік Мүліковтың қатысуымен "Күріш ақтау" зауытында еңбек ұжымыммен экспромт-кездесу өтті.

Кездесу барысында үміткерлер сайлауалды бағдарламаның басым бағыттарымен таныстырды.

«Ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес салаларында барлығы 121 жобаны жүзеге асыру жоспарланды. Бес жыл ішінде асыл тұқымды мүйізді ірі қара мал санын 1340-қа, уақ малдың санын 25 134 басқа дейін арттыруға, Шиелі кентінде сүт бағытындағы 1 200 бас ірі қара фермасын, жүгері өңдеу цехын ашуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, 3 мың гектарға суармалы жерлердің көлемін арттыруға, Ш.Қодаманов ауылында 1 000 бастық бордақылау алаңын салуға, аудан тұрғындарының жеке малдары үшін жайылымдық мәселесін шешу жолдарын қарастыруға, аудан орталығында 2 әлеуметтік дүкен ашуға ықпал етеді», - деді облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Тілеуберген Шаутай.

«Елімізде сайлау өтетінінен хабардармыз. «Nur Otan» партиясы жетекші партия ретінде түрлі жобаларды жемісті жүзеге асырып келеді. Түйткілді мәселелер де партияның жіті бақылауында. Біздің ұжым ауданның экономикасына өз үлесін қосып келеді. Еңбектің – наны тәтті» деген жұмысшылар уақытылы жалақысын алып отыр. Ауданның дамуына үлес қосып жатқандарын сезінеді. Партияның бағдарламасымен таныспыз. Қолдау білдіреміз», - деді ұжымның атынан сөз алған Марат Шоханов.

Үміткерлер қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, 10 қаңтарда өтетін сайлауға шақырды және «Nur Otan» партиясына дауыс беруге үгіттеді.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы Сайлау қорының қаражатынан төленді

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір