• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:12:45
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір заңнамалық актілерге қол қойды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Мемлекет басшысы "Қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.  

Заңнамаға сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен ұсталып, сотталған азаматтардың мерзімінен бұрын шартты түрде босап шығуына шектеу қойылады.

Қазақстаннан тысқары жерде орналасқан шетелдік банктерде есеп-шоттар ашып, ақша мен басқа да бағалы заттарды сақтауға тыйым салынады. 

Сондай-ақ Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу кезінде ұстап алу мерзімдерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарға қол қойды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір