• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 05:31:18
Алматы
+35°

АҚШ-тың Сан-Антонио қаласындағы Alamodome аренасында өткен бокс кешінде мексикалық Сауль Альварес қарсыласы британиялық Каллум Смитті жеңді, деп хабарлады sports.kz.

12 раундқа жалғасқан жекпе-жекте қазылардың бірауыз шешімімен )119-109, 119-109 және 117-111) Сауль Альварес жеңімпаз деп танылды. Осылайша, Альварес кәсіби мансабындағы  54-жекпе-жегін жеңіспен аяқтап, суперорта салмақтағы WBA Super тұжырымының чемпиондық титулын, WBC тұжырымының және The Ring журналының арнайы титулын иеленді.

Мексикалық боксшы бұған дейін қазақстандық Геннадий Головкинмен екі мәрте қолғап түйістірген. Алғашқы кездесу тең аяқталып, екіншісінде төрешілер шешімімен жеңіс Альвареске берілген. Алайда екі кездесу нәтижесі де дау тудырған.

Боксшылар үшінші мәрте шаршы алаңда кездесу өткізу үшін бірнеше мәрте келіссөз өткізген. Алайда әзірге келісімге қол жеткізілген жоқ.

Альварес британиялық боксшыны жеңгеннен кейін Головкинмен бокстасуға қарсы еместігін жеткізді. 19 желтоқсанда польшалық боксшы Камил Шереметаны ұтып, орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалған қазақстандық спортшы да Альварес-Смит кездесуінің жеңімпазымен айқасқысы келетінін айтқан.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір