• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 18:43:40
Алматы
+35°

Коронавирустың жаңа мутациялық типінің таралуына байланысты әлемнің 20 елі Ұлыбританиямен арадағы әуе қатынасын уақытша тоқтатты. Бұл туралы 24.kz арнасы хабарлады. 

Аталған 20 елдің қатарында Нидерланд, Бельгия, Франция, Ирландия, Израиль, Германия, Италия, Литва, Латвия, Эстония, Австрия, Болгария, Түркия, Швейцария, Хорватия, Финляндия, Марокко, Канада, Аргентина бар. Сауд Арабиясы шекараны толығымен жабу туралы шешім қабылдады. Ұлыбританиямен арадағы рейстерді тоқтату туралы мәселе Швеция мен Үндістанда шешілуде.

Сонымен қатар Чехия мен Грекия Ұлыбританиядан келетіндерге міндетті карантин енгізді, ал Испанияда Ұлыбританиядан келгендерде коронавирус тестінің болуын бақылауды күшейту туралы шешім қабылданды.

Кешегі тәулікте Ұлыбританияда антирекорд орнап, бір күнде 36 мың адам вирус жұқтырған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ұлыбритания

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір