• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:20:56
Алматы
+35°

Шымкентте әйелді зорламақ болған ер адам ұсталды. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді.

– Шымкент полицейлері қаладағы көппәтерлі үйлердің бірінің кіреберісінде әйелді зорламақшы болған күдіктіні кеше ұстады. Ол 1985 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Тергеу амалдары нәтижесінде күдікті әйелдің күртешесінен 8 мың теңгеге жуық ақшаны ұрлағаны анықталды. Ер адам өз кінәсін толығымен мойындады. Қазіргі кезде күдікті Шымкент қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі аталған іс қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігі және 120-бабы 1-бөлігі (тонау және зорлауға оқталу) негіздері бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғанын хабарлады.

Оның айтуынша, күдіктінің қылмысы дәлелденсе, 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске сала кетейік, 17 желтоқсанда Еңбекші аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне әйелді зорламақ болған ер адамның үстінен шағым түскен

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір