• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:46:59
Алматы
+35°

21 Желтоқсан, 2020 Саясат

Армения тұрғындары Пашинянды Сюникс облысына кіргізбеді

Жергілікті тұрғындар бұл әрекеті арқылы Таулы Қарабақтағы Армения мен Әзербайжан арасындағы демаркацияға қарсылық білдірді.

Фото: Sputnik Армения Telegram

Арменияның Сюникс облысының тұрғындары Армения премьер-министрі Никола Пашинянды облысқа кіргізбеу үшін жолды жапты. Бұл туралы «Sputnik Армения» Telegram каналында жазды.

Жергілікті тұрғындар бұл әрекеті арқылы Таулы Қарабақтағы Армения мен Әзербайжан арасындағы демаркацияға қарсылық білдірді.

Тұрғындар жолды көлік пен шынжырмен бөгегеннен кейін тұрғындар мен полиция арасында қақтығыс болды. Пашинян тұрғындармен «көзбе көз» сөйлесететінін айтып Facebook-те тікелей эфирге шығып, Сюниктен бір де бір миллиметр берілмейтініне уәде берді.

Премьер-министр 21 желтоқсанда Мегри, Капан, Горис, Сисиан қалаларына баруды жоспарлап отыр.  

Әзербайдан президенті Ильхам Әлиев Сюник облысы, Ереван мен Севан Әзербайжанның тарихи жері екенін айтқан. Ол Армения билігін Кеңес үкіметі кезінде аталмыш жерлерден мыңдаған әзербайжанды өз жерінен қуып шықты деп айыптады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір