• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:01:13
Алматы
+35°

Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясында Батыс Қазақстан облысында туған курсант өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы Уральская неделя басылымы хабарлады.

Сайт мәліметінше, оқиға 13 желтоқсанда болған. ІІМ академиясы Саламаттың ата-анасына баласының өз-өзіне қол жұмсағанын хабарлаған. 15 желтоқсан күні Саламаттың денесі Орал қаласына жеткізілді. 16 желтоқсанда Ақжайық ауданы Шабдаржап ауылында жерленді.

Басылым журналистері Саламаттың анасы Бекзат Иманғалиевамен хабарласқан. Оның айтуынша, Саламат қайтыс болғанға дейін ата-анасынан жиі-жиі ақша аударуды сұрап жүрген. Соңғы үш айда әдеттегіден де көп ақша сұраған. 

Саламат өлімі алдында сағат 11.00-ден 17:00-ге дейін ағасынан 300 мың теңге жіберуін сұраған. Алайда ағасының ауылында интернет нашар істегендіктен, хабарлама кеш жеткен. Саламаттың соңғы хабарламасы 16:31-де келген. Ол ағасына "мен кеттім" деп жазып, белдігінің және өзінің соңғы суретін жіберген.

– 2020 жылдың 13 желтоқсанда курсант Саламат Өтегенов асылып қайтыс болғанын хабарлаймыз. Аталған дерек бойынша Алматы қаласы полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасы қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Сонымен қатар қызметтік тергеу барысында академия қызметкерлері мен курсанттары тарапынан заңсыз іс-әрекеттер анықталған жоқ, – деді ІІМ академиясындағылар.

Саламат Өтегеновтың соңғы хатыСаламат Өтегеновтың соңғы хаты

Саламат Өтегеновтың соңғы хаты

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Курсант қайтыс болған академияның бастығы қызметінен босатылды

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір