• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:14:44
Алматы
+12°

Мақан Есболатов атындағы Алматы ІІМ академиясының курсанты Саламат Өтегеновтің қаза болуына байланысты, Алматы қаласының полиция департаменті ҚР ҚК 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, оның барысында қаза тапқан адамның туыстары баяндаған барлық дәлелдер тексеріледі, деп хабарлады  Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқу орнына Ішкі істер министрлігінің кадр саясаты және өзіндік қауіпсіздік департаменттерінің басшылығы мен жауапты қызметкерлерінен арнайы топ жіберілді.

Тексеру қорытындысы бойынша ІІМ-де тәртіптік комиссия отырысы өтті.

"Ішкі істер министрінің бұйрығымен сеніп тапсырылған бөлімшеде жұмысты ұйымдастыруға тиісті бақылаудың жоқтығы үшін атқарып отырған лауазымдарынан академия бастығы О.Х.Смайылов босатылды, сондай-ақ оның тәрбие-идеологиялық және кадр жұмысына жетекшілік ететін орынбасары босатуға ұсынылды. Сонымен қатар, Академияның тағы 16 жауапты қызметкері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, олардың 5-і  атқарып отырған лауазымдарынан босатылды" делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Академияның оқу процесін, тұрмыстық жағдайларын, моральдық-психологиялық ахуалын, қаржы-шаруашылық қызметін кешенді тексеру тағайындалды. Оқу орнына министрліктің ішкі аудит, кадр саясаты және өзіндік қауіпсіздік департаменттерінің қызметкерлері жіберілді.

Ведомствода атап өткендей, министр Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша осындай тексерулер 2021 жылдың 1 тоқсанында ІІМ-нің барлық оқу орындарында жүргізіледі.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: академия курсант

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір