Қытай-Ресей біріккен бомбалаушылары АҚШ кемелері жүрген даулы аймақтың үстінде ұшты

/image/2020/12/23/crop-10_6_337x567_world-war-news-1375825.jpeg

Қытай-Ресей біріккен бомбалаушы ұшақары даулы теңіздердің үстінен ұшып өтті. Бұл туралы Business Insider басылымы хабарлады. Көп өтпей Жапония мен Оңтүстік Корея жойғыш ұшақтарын оларға қарсы жұмылдырғаны мәлім болды.

Қытай мен Ресей әскери қарым-қатынастарын күшейтті. Екі алпауыт ел Тынық мұхит кеңістігіне бомбалаушылар жіберіп, қарулы қақтығыс үрейін күшейтті. 

Қытайдың H-6K бомбалаушыларының төртеуі және ресейлік екі Ту-95 стратегиялық бомбалаушылары Шығыс Қытай теңізі мен Жапония теңізі үстінен ұшып өткен. Мұны ресейлік әскерилер растады. Ресейдің қорғаныс министрлігі бұл әскери операцияны Мәскеу мен Бейжің арасындағы қарым-қатынасты жақсарту әрекеті деп жариялады.

Онда "Ресей мен Қытайдың жан-жақты серіктестігін дамыту және тереңдету, екі әскери күш арасындағы ынтымақтастық деңгейін одан әрі арттыру, олардың бірлескен іс-қимыл қабілеттерін кеңейту және стратегиялық тұрақтылықты нығайту" көзделгені айтылған.

Министрлік патрульдік рейс "үшінші елдерге қарсы бағытталмаған" деп қосты.

Ал, Ресей президенті Владимир Путин қазан айында Бейжің-Мәскеу әскери серіктестігін жоққа шығармайтынын мәлімдеген.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар