Фото: «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық сайлауалды штабы

Келесі жылдың 10 қаңтар күні өтетін Парламент Мәжілісі депутаттарының және мәслихаттардың кезекті сайлауына орай «Nur Otan» партиясының Қордай аудандық сайлауалды штабының мүшелері үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда.

Сәрсенбі күні «Nur Otan» партиясының Қордай аудандық сайлауалды штабы төрайымының орынбасары Руслан Нұрсипатов және облыстық және аудандық депутаттыққа үміткерлер Лугмар Буларов, Зәуреш Қадырбекова Нурдин Садықов, Саламат Көпешов, Таня Апаева, Равиль Жатқанбай, Айша Идыбо және Назира Тоқтыбаевалар үгіт-насихат жұмыстарымен Масаншы ауылында болып, мәдениет үйінде тұрғындармен кездесті.

Штаб төрайымының орынбасары Руслан Маратұлы ауыл тұрғындарына партияның «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Қордай ауданында 2015-2019 жылдардағы атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталды.

Былтыр Қордай ауданы тұрғындарының 30 пайызы ғана табиғи газ тұтынып келсе, биылғы газдандыру жобасының арқасында қордайлықтардың 95 пайызы «көгілдір отынға» қол жеткізетін болады. Яғни табиғи газға деген қолжетімділік үш есеге артып отыр деген сөз. «Көгілдір отын» игілігін Масаншы ауылының тұрғындары да сезініп, бұл жаңалыққа қуанып жатыр. «Күн суысымен қолға балта-күрек алып, көмір жаққаннан бұл әлдеқайда тиімдірек», дейді масаншылықтар.

Жалпы, Масаншыда биыл жағымды жаңалық көп болды. Ауыл көшелері түгелдей дерлік асфальтталып, жаңа жарық шамдар орнатылды. Биыл «Samruk-Kazyna Trust» ҰҚ демеушілігімен Масанчи ауылында құны 57 млн теңгені құрайтын стритворкаут, кіші футбол және балалар ойын алаңы салынды.

Қордай аудандық сайлауалды штабы

Сонымен қатар, жақында жаңа аллея ашылып, тұрғындардың қыдыратын сүйікті орнына айналды. Масаншыдағы мектеп құрылысына «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 1,2 млрд тг қаржы бөлінген. Сыйымдылығы 600 орындық. Бүгінде құрылыс жұмыстары қарқын алып, қабырғалары көтеріліп, шатырын жабу қолға алынған.

Биылғы ақпан айында орын алған келеңсіз оқиғадан кейін, барлық зардап шеккен ғимараттар толығымен жаңартылды. Осындай ауқымды жұмыстардың қысқа мерзімде орындалғанына Масаншы ауылының тұрғындары дән риза. Жиында олар өздерінің алғыстарын айтып, «Nur Otan» партиясын қолдайтындарын жеткізді.

Кездесуде ауданды кешенді дамытуға бағытталған партияның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы да жан-жақты насихатталды.

Осыдан кейін үміткерлер «Халық» дүкенінің алдында экспромт кездесу ұйымдастырып, Масаншы ауылдық округіне қарасты Күнбатыс-1 және Күнбатыс-2 ауылдарында «Есіктен есікке» акциясы аясында үгіт-насихат жұмысын жүргізді.

«Nur Otan» партиясының Қордай аудандық сайлауалды штабынан төленген

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір