• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 11:56:48
Алматы
+35°

Фото: Аграрлық несие корпорациясы баспасөз қызметі

Қазақстанның негізгі өндірістік экономикасы, оның ішінде ауыл шаруашылығының негізгі салалары коронавирус індетінің әкелген экономикалық құлдырау соққысына қарсы төтеп бере алды. Осы ретте мемлекет тарапынан бизнесті қолдауға бөлінген қомақты қаражаттың көмегі зор болды. Бұл пікірді қазақстандық экономист Алмас Чукин атап өтті.

 

«Жалпы айтатын болсам, Қазақстан пандемияның әкелген экономикалық салдарымен жақсы күресіп жатыр. Экономикалық қауіптерді 3-4% шамасында төмендеткені жаман емес. Негізгі өндірістік салалар, соның ішінде ауыл шаруашылығы дағдарысқа қарсы күрес жүргізіп жатыр», - деді Алмас Чукин.

 

Экономист сонымен қатар карантиндік шектеулердің аграрлық сектордағы кәсіпорындардың жұмысына айтарлықтай әсер етпейтіндігіне назар аударды. Экономиканың бәсеңдеу жағдайында үкіметтің араласуы, оның ішінде қазынадан қаржы бөлу шаралары маңызды рөл атқарды. Дүниежүзілік банктің мәліметтері бойынша, шілде айындағы Қазақстан үкіметінің дағдарысқа қарсы шаралар кешенінің пакеті – 10,1 миллиард АҚШ долларын немесе республикалық жалпы ішкі өнімнің 5,7% құрайды.

 

«Бұл көмек айтарлықтай септігін тигізді. Әйтпесе бұдан да қиын жағдайда қалуымыз мүмкін еді», - деді Алмас Чукин.

 

Осындай мемлекеттік қолдаудың бір мысалы ретінде осы жылдың наурыз айында кәсіпкерлерге 600 миллиард теңгенің жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасының басталып, күзде тағы 200 миллиардқа дейін кеңейтілгенін айта аламыз. Экономикалық бақылаушы Юрий Масанов осы бағдарлама аясында агроөнеркәсіп кешеніне арныйы көмек бөлінгеніне назар аударды. Бұл бағытқа 100 миллиард теңгеге дейін қаржы бөлінді, оның 70 миллиарды банктер арқылы, тағы 30 миллиарды «ҚазАгро» ҰБХ » АҚ еншілес кәсіпорны «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы үлестірілді.

Сарапшының айтуынша, «Аграрлық несие корпорациясының» өзі жеңілдетілген несиелендіру арқылы аграрлық секторды жандандыруға айтарлықтай үлес қосуда.

 

«Пандемия аясында да ауыл шаруашылығы өз даму жолын жалғастыруда. Осы жылдың алғашқы үш тоқсанының қорытындысы бойынша өнеркәсіпте өнім көлемі 5,4 трлн теңгеге жеткен, бұл өткен жылғы деңгейден 5,2% жоғары», - деп атап өтті Юрий Масанов.

 

Aграрлық несие корпорациясының несиелік портфелі үшінші тоқсандағы қорытынды бойынша 529,5 млрд теңгені құрап, бір жыл ішінде 28%-ға өсті. Сұхбат берген сарапшылардың айтуынша, мұндай жеңілдетілген несиенің көбеюі бизнестің дамуына да, ауылдық жерлердегі өмір сапасына да тікелей оң әсер етеді.

Масановтың айтуынша, соңғы бес жыл ішінде, «Аграрлық несие корпорациясы» қаржыландыруының арқасында, елде 10 000 нан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Бұл қазақстандық мамандар мен олардың отбасылары үшін тұрақты табыс көзіне айналып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір