Нұр-Сұлтан қаласында қатыгез ана балаларын айтқанын істете алмағаны үшін аяусыз жазалаған. Сабап, дәлізге қондырып, үй киіммен қалада отырғызып қойған. Бұл туралы көршісімін деген әйел өзінің Instagram парақшасында мәлім етті.
"18-19 желтоқсанда қыз (суреттегі - ред) дәлізде қонды. Бұл – айтқанын істете алмағаны немесе сыпыртқы жоғалғаны үшін анасы қызын жазалаған түрі. Мен қызды үйіме шақырып, ол менікінде қонды. Анасына егер бұлай жалғаса берсе, қамқорлық органдарын шақыратынымды айттым. Бүгін, 23 желтоқсанда балалары затты рұқсатсыз алғанына бола анасы 5-6 жастағы ұлының басын қабырғаға ұрып, тепкенін сөзбен айтып жеткізе алмаймын. 7-8 жастағы қызға одан асқан сорақылықты көрсеткен. Ол далада отырды. Мен қол қусырып отыра алмай, оларды үйіме шақырдым. Үлкендердің бұлай жасауы сұмдық қой. Мен көрген сұмдықтан әліге дейін өзіме келе алар емеспін. Айтарға сөзім жоқ. Полиция шақырғанымда оны (қатыгез ананы - ред) әзірге есепке алмайтынын айтты. Оған жай ғана ескерту жасады. Керек адамдарды белгілеулеріңізді сұраймын. Бұл жайт Нұр-Сұлтан қаласы Республика даңғылында болды" делінген зәбір көрген балалар көршісінің жазбасында.
♦ Қызын үйден қуып шыққан әйелдің әрекетіне байланысты полиция мәлімдеме жасады
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Пікір қалдыру