Аймағамбетов кімдердің жалақысы өсетінін айтты

/image/2020/12/24/crop-164_10_653x871_fad93e7a4390a8cc.jpeg

Президент тапсырмасы шеңберінде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтердің жалақысы 25%-ға өседі. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

– 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап мемлекеттік жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы тағы 20%-ға, ұлттық ЖОО оқытушыларының жалақысы 28%-ға ұлғайды. Жұмысшы мамандықтары бойынша оқитын колледж студенттерінің стипендиясы 30%-ға, орта буын мамандықтары бойынша 25%-ға өсті, – дейді ол.

Сондай-ақ министр бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы мен магистратура бойынша стипендия 25% өсетінін мәлімдеді.

– Педагогикалық мамандықтар бойынша оқитын студенттердің шәкіртақысы бір жылдың ішінде 21 мыңнан 42 000 теңгеге дейін ұлғайды. Докторанттардың шәкіртақысы бір жылдың ішінде 82 мың теңгеден 150 000 теңгеге дейін ұлғайтылды, – деп атап өтті Аймағамбетов.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар