• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:32:28
Алматы
+35°

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ІІІ тоқсаннан бастап бітіруші сынып оқушылары аралас форматта оқитынын хабарлады.

– Ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша III тоқсаннан бастап 9 және 11 (12) сынып оқушылары аралас форматта оқитын болады. Бұл сыныптарда математика, қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі, физика, химия, биология, алгебра, геометрия және тарих пәндері мектепте оқытылады. Яғни, барлық пәннің 70%-ы штаттық форматта өтеді. Мектептерде икемді сабақ кестелері жасалып, сабақтар арасындағы үзілістер әр түрлі сыныптар үшін әр түрлі уақытта ұйымдастырылады, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін ауысымдар саны көбейтіліп, пәндердің 30%-ы қашықтан оқытылады, – дейді ол.

Оның айтуынша, мұндай шешім ата-аналар мен көпшіліктің пікірін ескере отырып қабылданған. Сондай-ақ ол бітіру сыныптары түлектерін оқу жылының соңында қорытынды аттестаттау, олардың колледждерге түсу үшін кешенді емтихандар, жоғары оқу орындарына түсу үшін ҰБТ тапсыратыны ескерілгенін атап өтті.

Министр мектеп оқушыларына вакцина салдыру өз еріктерінде екенін айтты.

– Ешкімді мәжбүрлемейді, мәжбүрлеп те жатқан жоқ. Мектептердегі медициналық бөлімді бірнеше жыл бұрын Денсаулық сақтау министрлігінің құзіретіне бергенбіз. Бұл мәселе бойынша да біздің әріптестерімізге жүгіне аласыз. Бірақ мәжбүрлеу туралы тақырып болған емес, – дейді Аймағамбетов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір