• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 18:36:39
Алматы
+35°

5 қаңтардан бастап зейнетақы қорындағы қаржыны мерзімінен бұрын алуға арналған онлайн-платформа іске қосылады. Бұған дейін "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" аталып келген қазір "Отбасы банкіне" айналған қаржы институты осы істі жүзеге асырады. Бұл туралы 24.kz арнасы хабарлады. 

Банк басшысы Ләззат Ибрагимова қаржыға қол жеткізу жолдарын түсіндірді. Банк басшының айтуынша, азаматтар ең әуелі қордағы шекті сомадан асқан қаржы көлемін білуі керек. Кейін онлайн-платформаға электрондық цифрлық қолтаңба арқылы тіркеледі. Сол жерде тиісті өтінішін қалдырады. Ал Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сайтында қолжетімді қаражаты жайлы ақпарат ала алады. Егер жинақ шекті мөлшерден асса, "Отбасы банкінен" арнайы жаңа есепшот ашуға міндетті. Сосын құжаттар 45 жұмыс күні ішінде сараланып, тиісті шешім қабылданады. Осы тұста айта кетейік, бұл қаржы азаматтың төленбеген несиесі немесе алимент төлеу сияқты өзге де берешектерін өтеуге берілмейді.

Зейнетақы қорындағы қаржыға қалай қол жеткізуге болады?

– ЭЦҚ арқылы онлайн-платформаға тіркеледі

– БЖЗҚ сайтында қолжетімді қаражат жайлы ақпарат алады

– "Отбасы банкінде"  арнайы жаңа есепшот ашады

– 45 жұмыс күні ішінде құжаттар сараланып, тиісті шешім қабылданады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Зейнетақы қоры

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір