• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 15:36:01
Алматы
+12°
Нұр-Сұлтан қаласының оқушылары қай пәндерді оффлайн оқитыны белгілі болды. Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова хабарлады.
 
– 11 қаңтардан бастап оқу жылының үшінші тоқсаны басталады. 1-5-сынып оқушылары кезекші сыныптар режимінде оқуларын жалғастырады. Cонымен қатар, III тоқсанда бітіруші 9 және 11 (12)-сынып оқушылары аралас форматта 15 адамнан аспайтын кезекші сыныптар режимінде оқуды бастайды деп жоспарлануда. Нақты шешім қаламыздағы эпдемиялогиялық жағдайға байланысты болады.
 
Оффлайн өтетін сабақ кестесіне орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі, алгебра, геометрия, физика, химия, биология, география, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы пәндері кіреді. Бұл оқыту пәндерінің 70%-ын құрайды. Пәндердің 30%-ы: информатика, өзін-өзі тану, дене шынықтыру, құқық негізі, алғашқы әскери технологиялық дайындық пәндері қашықтан оқытылады. Вариативті компоненттің пәндері кестеге сәйкес асинхронды түрде жүргізіледі, – деді ол.
 
Мектептерде икемді сабақ кестелері жасалып, сабақтар арасындағы үзілістер әр сынып үшін әр түрлі уақытта ұйымдастырылады. Сабақ уақыты 30 минуттан аспайды. Ал үзіліс уақыты – 5 минут.
 
"Сабақ кестесін құру кезінде жоғары сынып оқушыларының жас ерекшеліктері, олардың қабілеттері мен қажеттіліктері, сондай-ақ 11-сынып оқушыларының жаңартылған білім беру мазмұнына көшуі және кіріктірілген сабақтарды өткізу мүмкіндігі ескеріледі.
 
Сондай-ақ сабақтан тыс уақытта оқушылардың оқудағы олқылықтарының орнын толтыру және қорытынды аттестаттауға дайындық үшін 5 адамнан аспайтын топтарда жеке консультациялар ұйымдастырылады. Бұл консультацияларға оқушылар қажеттілігене қарай ата-аналардың келісімімен қатысуына болады" делінген қалалық білім басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір